Күздің бірінші айында жауын-шашын мөлшері де республиканың басым бөлігінде нормаға жақын.
Синоптиктер Қазақстан аумағындағы күзгі маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қыркүйекте орташа температура республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтіледі – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының шеткі солтүстік-батысында.
Күздің бірінші айында жауын-шашын мөлшері де республиканың басым бөлігінде нормаға жақын - Маңғыстау облысы мен Ұлытау облысында, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының және Жетісу облысының басым бөлігінде, Атыраудың шеткі оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облыстарының шеткі оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстік-батысында.
Қазанда ауаның орташа айлық температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1 градусқа жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормаға жақын болады деп күтіледі. Қазанда республика бойынша жауын-шашын нормаға жақын болады деп болжанған.
Қарашада ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу облыстарында нормаға жақын болады деп күтіледі. Қарашада жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз болады, нормаға жақын – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте Алматы облысының жартысында, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының және Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.