«Қылмыс үстінен түстім»: әйел адам жұмыстан үйіне келгенде күйеуі туған қызын зорлап жатқан

0
443

Баланы зорлаған қаскөй 2021 жылы қыркүйек айында 20 жылға сотталған.


«Қылмыс үстінен түстім»: әйел адам жұмыстан үйіне келгенде күйеуі туған қызын зорлап жатқан

ERNUR.KZ. Заңгер, «Human Rights Lawyers» басшысы Ләззат Рақышевадан баласы зорлық көрген шарасыз ана көмек сұрап, хат жазған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мен қазір сотталып кеткен күйеуіме 2010 жылы тұрмысқа шыққан едім. Күйеуім деуге жиіркенемін, есіме алғым келмейді, бірақ басқа шарам жоқ. 2020 жылы 2 қарашада, кешкі сағат 18.30 кезінде үйімде қылмыстың үстінен түстім. Күйеуім 8 жасар туған қызымызды шырылдатып зорлап жатты. Біздің ортақ 4 баламыз бар. Осы бір тал қызымыз - жәбірленуші. Не сау не ауру екенімді білмедім. Ертесі күні әрең есімді жинап, полиция шақырдым. Ол сол күні-ақ үйден қашып кеткен. Полициямен екі күн бойы іздеп, тауып, қамадық. Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа кетті. 2021 жылы көктемде прокуратура тергеуші екеуі мені прокуратураға шақырды. Себебі ол оңбаған әке, Қытайда болатын. Сол жақта жатып шағым түсіріпті. Сотқа осы жақтағы адвокаты қатысты. Сот арыздарын қабылдамады», - деп жазған бейтаныс келіншек.

Әйелдің айтуынша, баланы зорлаған қаскөй 2021 жылы қыркүйек айында 20 жылға сотталған. Бірақ әйелдің көрген қорлығы мұнымен бітпеген.

«Енді менің қызымды зорлаған еркектің әкесі «немерелерімді көрсет» деп талап етіп жатыр. Атасы ғой деп, мен келісіп балаларды жібердім. Сүйтсем ол шал мені балаларыма "псих" деп жамандап, «баламды өтірік соттатты» деп ауызына келгенін айтқан. Балаларым енді ол шалды көргіміз келмейді деп жылап отыр. Мен не істеймін? Менің балаларыма атасы неге қысым көрсетеді? Көмектесіңізші», - деп жазған хатта.