​Қырғызстанда қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық ұсталды

0
1 517

Қазіргі уақытта изоляторға қамалды.


​Қырғызстанда қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық ұсталды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның ІІМ жедел қызметінің өкілдері "Макс" лақапатымен танымал, трансұлттық қылмыстық топтың басшысы делінген қазақстандық Мұрат Ниязовты ұстады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қырғызстанның полициясы Интерполдың күдіктіге іздеу жариялағанын және оның қатыгездікпен аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Айта кетейік, Ниязов ҚР Қылмыстық кодексінің 194, 367, 262-баптары бойынша Қазақстанда сырттай сотталған болатын.

Мұрат Ниязовқа 2015 жылы іздеу жарияланған болатын. Оған Қазақстан Республикасының ҰҚК өкілдері бастамашы болған еді.

Осылайша Ниязов 22 қыркүйекте Бішкек маңында ұсталды. Қазіргі уақытта изоляторға қамалды.