Қазақстан жатыр мойны обырын 90%-ға төмендетуді жоспарлап отыр.
ERNUR.KZ. Қыркүйек айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы міндетті вакцинациялау басталады. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обырын жоюға бағытталған Қазақстанның көшбасшы әйелдерінің дөңгелек үстелін ашу барысында айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Вакцинациялау 11 жастағы қыздарға 6 ай аралықпен екі рет жасалады. Бүгін вакцина сатып алынды. Қаржы үкімет резервінен бөлінді. Ол тегін жүргізіледі", - деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыланың айтуынша, ұйым 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялауды ұсынып отыр.
"Бұл оңай шаруа емес. Бірақ бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ", - дейді ДДҰ өкілі. бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына енді.