Қытай азаматы Қазақстанда автоалаяқтарға алданып қалған

0
245

Күдіктілер қамауға алынған.


Қытай азаматы Қазақстанда автоалаяқтарға алданып қалған

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Жетісуда ірі алаяқтық қылмысы әшкереленді, деп жазады tengrinews.kz.

Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды. 33 және 34 жастағы екі ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

"Алаяқтардың алғашқы құрбаны – Қытай азаматы болған. Олар бұл азаматқа автокөліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде беріп, нәтижесінде алты көлігін алып кеткен: Jetour (үш автокөлік), Mercedes C260, Mercedes C260L және Mercedes GLC 260L. Кейін бұл көліктер Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп, таныстарына сатылған", - делінген хабарламада.

Алаяқтар мұнымен тоқтамаған. Келесі құрбан – көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкер болған.

"Беларусь Республикасына көлік жеткізу үшін автокөлік тасымалдайтын көлігі бар жүргізуші іздеген кәсіпкер алаяқтармен танысып қалған. Бұл жолы олар жеті көлікті иемденген: Range Rover, Mini Cooper SE, Li 7 (үш автокөлік) және екі Li 9 (2 автокөлік). Қытайлық бес көлік Жамбыл облысына жеткізіліп, алаяқтардың ортақ танысына сатылса, қалған Range Rover мен Mini Cooper SE Алматыда арзан бағамен өткізілген".

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктілер қамауға алынған.