Қытай Қазақстанмен шекарадағы бірнеше өткізу бекетін жабады

0
514

Комитет жүк тасымалдаушыларды бірнеше өткізу бекетінің жабылуына байланысты бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.


Қытай Қазақстанмен шекарадағы бірнеше өткізу бекетін жабады

ERNUR.KZ. Қытай мен Қазақстан шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу бекеттері 1-3 қазанда жабық болады, деп жазады sputnik.kz.

Комитет мәліметіне сүйенсек, өткізу бекеттерін жабу Қытайдағы мереке күндерімен байланысты.

"Сонымен қатар қытай тарапының дезинфекциялық құрылғыларды қысқы маусымға дайындауына байланысты "Бақты" өткізу пункті 3-4 қазанда да жабық болады", - делінген хабарламада.

Комитет жүк тасымалдаушыларды өткізу пункттерінің уақытша жабылуына байланысты бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай билігі пандемияға байланысты Қорғас-Алтынкөл және Алашанькоу-Достық өткелдері арқылы Қазақстанға теміржол рейстерін уақытша тоқтатқан болатын.

Соның салдарынан қазақ-қытай шекарасында бес мыңға жуық тауар контейнері тұралап тұр. Егер бұрын тауар шамамен 25 күнде жетсе, қазір оның мерзімі белгісіз.