reuters
ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстігінде шахтада газ жарылып, 82 адам қаза тапты, деп жазады Ulysmedia.
Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, оқиға Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында болған. «Люшэньюй» шахтаcында газ жарылуы салдарынан 82 адам қаза тапқан. Тоғыз жұмысшыны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жарылыс болғанда жер астыда 247 адам болған.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин іздестіру жұмыстарына барлық күшті жұмылдыру қажеттігін айтқан. Ол жарылысқа жауапты адамдарды жауапқа тартуды да тапсырған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, шахта тиесілі компания басылары қамауға алынған.


