Қытайлықтар елімізге 1500 орындық түрме салуды жоспарлап отыр

0
1 208

Қытай компаниялары Қазақстан компанияларының акцияларын сатып алатын болады.


Қытайлықтар елімізге 1500 орындық түрме салуды жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Мемлекеттік бағдарламаларды орындауға қытайлық компаниялар атсалысады. Мәселен, Қытай инвесторлары Семейде 1500 орындық түрме салуға ниет танытып отыр, деп жазады sn.kz.

Бұл туралы бүгін «Жаңа Жібек жолы-2015» форумы аясында мәлім болды. Шара барысында мемлекеттік бағдарламаларды үздік орындайтын ірі компания өкілдеріне жаңа мемлекеттік жекеменшік серіктестік заңының тиімділігі таныстырылды.

Сонымен қатар шетелдік инвесторлар қатыса алатын жобалар жарияланды. Меймандардың көбі мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қызығушылық білдіріп отыр. Лю Бо, ҚХР Қазақстандағы елшілігінің сауда-экономика бойынша өкілі -Қытай үкіметі мен бірнеше компаниялар осы бағдарламаға қатысуға ниетті.

Яғни Қытай компаниялары Қазақстан компанияларының акцияларын сатып алатын болады. Әрине, бірінші кезекте, бұл «ҚазМұнайГаз», «ҚазЭнерго», «ҚазАвтожол» компаниялары.