Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел мектептегі дәріс кезінде қыздарды кеуіп қалатын маркерге теңеген.
ERNUR.KZ. Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы қыздарды оқуға емес, бала тууға шақырған. Бұл туралы ол қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс кезінде айтқан, деп жазады sputniknews.kz.
Оқушы қыздың позициясын білім беру ұйымының әкімшілігі де қолдап отыр.
"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы Тараз қаласындағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Аяулым Қанатбектің ұстанымын қолдайды және оның Instagram желісіндегі қыздардың заманауи қоғамдағы миссиясы туралы жазбасымен келіседі", - деп мәлімдеді НЗМ өңірлік филиалынан.
Айта кетсек, Омар Жәлел қазақстандықтарға шулы мәлімдемелерімен танымал. Абайтанушының сұхбаттары қазақ тілді БАҚ беттерінде жиі жарық көріп тұрады. Мәселен, жуырда ол қыздарды тауарға теңеп, елдің талқысына түсті.