"Қызбын деп, беташар жасатқан": Бес баласы мен күйеуін тастап, екі рет тұрмысқа шыққан әйел жаға ұстатты (видео)

0
1 439

Отбасын тастап, тұрмысқа шыққан әйел үлкен қызының есімін жамылып, 1994 жылғы екенін айтып, өзін Айша деп таныстырған.


иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Бес баласы, күйеуі бар әйелдің беташар мен той жасатып, екі рет тұрмысқа шыққан, деп жазады сaravan.kz

"Астарлы ақиқат" бағдарламасында төркініме барам деп, өзге отбасына келін болып түскен Өзбекстаннан келген Захида есімді әйел халықтың ашуына тиді.

Отбасын тастап, тұрмысқа шыққан әйел үлкен қызының есімін жамылып, 1994 жылғы екенін айтып, өзін Айша деп таныстырған.

Тұрмысқа шығып үйренген әйел екінші мәрте 1995 жылғымен деп, екінші қызының есімімен өзін Сымбатпын деген. Бұған сеніп қалған жігіт жақ тіпті беташарға дайындалған. Екінші жолы қуғыншылар әйелді өздері әкеп тастаған.

Ал келіншек болса күйеуім ұрып-соқты деп шағымданып отыр.

"Әбден қорлық көрдім, тырнақтарым сынған, қолдарым жарылып тозығы жетті. Күйеуім ұрып соғады, вагонға түнделетіп жүк тасимын, бау-бақша егемін, әйелдер мен балаларға массаж жасап ақша тауып, балаларымды асырап отырмын. Одан қалды қайным қызымды түнде құшақтамасам ұйықтай алмаймын деп айтқан, - деп жылады бес баланың анасы.

"Анам мені басқа ер кісіге інім деп таныстырды, маған анам керек емес", - дейді өзге отбасына келін болған әйелдің үлкен ұлы.

Бағдарлама барысында, бес бала өз күйеуінен бе, әлде өзге еркектерден бе деген күмән туды.

Захида мен күйеуі ДНК сараптамасына жүгініп, детектормен анықтауға көпшілік алдында сөз берді.