Қыздардың арманы болған: Қазақстандық әнші түрмеден видеоүндеу жасады

0
1 145

Репер өзге жастар өзінің қателігін қайталамау үшін түрмеден видеоүндеу жасауды жөн көріпті.


Қыздардың арманы болған: Қазақстандық әнші түрмеден видеоүндеу жасады

ERNUR.KZ. Танымал ДМХ ("Долина маленьких хулиганов") тобының негізін қалаушы, әрі көшбасшысы Қанат Мырзағұлов (PlayDog) түрмеден видео үндеу жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Осыдан 20 жыл бұрын ДМХ тобының негізі қаланған болатын. Бұл уақытта музыкалық топ мүшелерінде студия болмаған. Олар әндерінің сөзін аулада шығарып жүріпті.

Алайда рэп орындаушылар өз әндерінің Ақтаудағы барлық дискотекада қойылатынын, әрі "қыздардың арманы боламыз" деп те ойламаған.

2001 жылы ДМХ алғашқы "Қазақша стиль" атты альбомын жарыққа шығарады. Ал 2002 жылы бірінші концертін береді. Олар қазақ тілінде рэп орындайтын алғашқы топ болады.

"Ақтау жастары ДМХ-ның шығармашылығын біледі. Алайда топтың мүшелері өздері армандаған атақ дәрежеге жете алған жоқ. Оның бір себебі, топ көшбасшысы Қанаттың заңды бұзуы шығар. Топты құрған с оң, PlayDog (Қанат Мырзағұлов) өзінің алғашқы қылмысын жасады. Бұл уақытта ол 18 жаста болатын. 2000 жылдың мамырында Мырзағұлов ұрлық үшін шартты түрде 3 жылға сотталды. 1 жылдан соң, ол рақымшылыққа ілігіп, жазадан босатылды", - дейді Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

2003 жылы қылмыстық топтың құрамында болған Қанат Мырзағұлов Алматыда қарақшылық шабуыл жасап, аса ауыр қылмысқа барады. Кейін 10 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді. Алайда 2009 жылы мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден шығады.

2001 жылы Мырзағұлов соңғы албомын жазып, жарыққа шығарда. Алайда Қанат қайта қарақшылық шабуыл жасайды. Полиция оны қамауға алады. Кейін ол соттың үкімі бойынша 10 жылға темір торға тоғытылып, жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейтін болады.

Қазір Қанат Мырзағұловтың жасы 38-де. Оның 15 жылын ол темір тордың арғы жағында өткізген. Жазасын толық өтеуге 2 жыл ғана қалыпты. Ол жастар өзінің қателігін қайталамау үшін түрмеден видеоүндеу жасауды жөн көріпті. Рэпердің пікірінше, жеңіл жолмен ақша табу, қылмыстық топтың құрамында болудың армандаудың соңы жақсылықпен аяқталмайды. Ол жастарға өзінің қайтелігін қайталамауды, әрі адал еңбекпен ақша табуға, әрі заңды бұзбауға кеңес берді.

"Түрменің болашағы жоқ. Мұнда адам тек ауру болады. Сондықтан Қазақстанның барлық жасына, Ақтау қаласының жастарына тыныш өмір сүріп, адал еңбекпен ақша табуға, қылмыс жасамауға, қоғамға және жаныңдағы адамдарға құрметпен қарауға шын жүрегіммен кеңес беремін. Біздің туған отанымызда адамгершілік құндылықтарды, өзара түсіністікті, халқымыздың бірлігін насихаттау керек", - дейді Қанат Мырзағұлов өзінің видеоүндеуінде.