Қызылорда облысында атыс болып, тоғыз күдікті ұсталды

0
710

Оқиға салдарынан аялдамада тұрған кәмелетке толмаған үш балаға оқ тиген.


Қызылорда облысында атыс болып, тоғыз күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп жазады zakon.kz

2021 жылдың 15 желтоқсанында сағат 18:00 шамасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде бір топ жастар арасында төбелес болды. Жаппай төбелес кезінде тараптардың бірі атыс қаруын қолданған.
Оқиға салдарынан аялдамада тұрған кәмелетке толмаған үш балаға оқ тиген.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізілді, оларға көмек көрсетілді. Олардың біреуі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне босатылды, ал екі кәмелетке толмаған бала медициналық бақылауда. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты", - дейді полиция өкілдері.
Полиция қызметкерлері сегіз күдіктіні ізін суытпай анықтады. Олардың барлығы ұсталды.
"Бұдан бөлек, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері атыс қаруын қолданғанын мойындаған негізгі күдіктіні ұстады. Одан заттай дәлел ретінде қылмыс құралы тәркіленді", делінген хабарламада.
Ұсталған тоғыз күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, олар қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда.