Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

0
953

Төтенше жағдай кезінде той өткізген қызылордалық 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.


Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан қызының ұзату тойын жасаған тұрғын жауапқа тартылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

27 наурыз күні ескертулерге құлақ аспай, той өткізіп жатқандар туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады.
Полиция қызметкерлері бұл деректі дереу тексеруге кірісті. Нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды.
"Той иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды", - деп хабарлады полицейлер.
Онлайн-режимде өткен сот шешімімен оған 10 айлық есептік көрсеткіш (26 510 теңге ) мөлшерінде айыппұл салынды.