Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі қамауға алынды

0
354

Құжат тексеру барысында жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдік тудырған.


Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.
Құжат тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдік тудырған. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетері, өңірде 6-8 тамыз аралығында"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.