Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

0
26


Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

ERNUR.KZ. Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев "Құзыреттілік орталығындағы" №222 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп жазады stan.kz.

Сондай-ақ аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдады.

"Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Президентіміз еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындап, конституциялық реформаларды ұсынған болатын. Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциямыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Бүгін өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауы – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанның жаңа бағдарын айқындайтын тарихи оқиға. Жаңа Құрылтай Парламенттік жүйенің тарихи сабақтастығын сақтап, егемен еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді. Сыр жұртшылығы еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, бүгінгі сайлауға да белсенді қатысады деп сенемін", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қызылорда облысында 500 591 дауыс беруші тізімге енгізілген, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 132 учаске бар.