Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды

0
426

Адам өлтірді деген күдікке ілінген.


Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қызылордада аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.


Бұл туралы хабарлаған ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 34 жастағы тұрғын адам өлтірді деген күдікке ілінген.


"2018 жылғы күзде Қызылордадағы Яссауи және Бөкейхан көшелері қиылысында Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі кісі қолынан қаза тапты. Оның кеуде тұсына екі рет оқ атылған. Полицейлер айыпталушының жеке басын анықтады, биыл 5 желтоқсанда Қызылорда қаласының тұрғыны адам өліміне күдікті деп танылды. Қылмыскер ізін жасырмақ болған және оған іздеу жарияланды. Күдіктіге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.


Тәртіп сақшылары күдіктіні таңғы уақытта туыстарының үйінен ұстаған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.


"Күдікті Алматы облысында жалдамалы тұрғын үйлерде жасырынып жүрген, байланыс үшін виртуал телефон нөмірлерін пайдаланған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.