Төтенше жағдай салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, ағаш сарай қирады.
ERNUR.KZ. Қызылордада балалар ойын-сауық орталығында газ жарылды, деп жазады sputniknews.kz.
Оқиға 19 шілде 07:20-да Алтынсарин, 64 көшесінде болды.
Құтқарушылардың мәліметінше, "Пумба" балалар ойын-сауық орталығының екі қабатты ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.
Жалын бірінші қабатты шарпып, ол түгелдей өртеніп кетті.
Тілсіз жау 07:44-те ауыздықталып, 08:15-те сөндірілді.
Жарылыс салдарынан ағаш сарай қирап, көрші үйдің терезелері сынды.
"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке табиғи газдың шығуы себеп болған", - деп нақтылады ТЖД.
Оқиға орнына 42 өрт сөндіруші және 11 техника, жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 1 техника аттанды.