Әкесі соттан кешірім сұрап, татуласу арқылы істі тоқтатуды өтінді.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында отбасылық-тұрмыстық жанжал сотқа жетті. Бойжеткен әкесінің былапыт сөйлеп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіргеніне шағымданған, деп жазады baq.kz.
Іс материалдарына сәйкес, әкесі қызына былапыт сөздер айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдірген. Бойжеткен сотқа арыз беріп, істі қарауды сұраған.
Сот барысында әкесі былапыт сөйлеп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіргенін мойындады. Ол соттан кешірім сұрап, татуласу арқылы істі тоқтатуды өтінді. Жәбірленуші қызы да әкесіне кешірім беретінін жазбаша арызда көрсетіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Сот қаулысымен азамат әкімшілік жауаптылықтан босатылды. Сонымен қатар, оған үш ай мерзімге алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға толық тыйым салынды, – деп хабарлады Сырдария аудандық соты.