Жігіттерге бес есептік көрсеткішке айыппұл салынды.
ERNUR.KZ. Қызылжарда үш жігіт пранк жасағаны үшін жауапқа тартылды. Көлікке тіркелген матрацқа мініп, қаланың орталық көшелерінде айдаған жігіттер халықтың дегбірін қашырған, деп хабарлайды Астана арнасы.
Матраспен жарысқан пысықайларды полиция көп ұзамай анықтап, бірнеше бап бойынша әкімшілік жазаға тартты. Қаланың 19 және 20 жастағы тұрғындарының ешқайда жұмыс істемей, ерігіп жүргені белгілі болды. Артынша бұзақылар өз кінәсін түсініп, халықтан ресми түрде кешіріп сұрады. Айта кету керек, өткен аптада ғана дәл осындай пранк қайғылы жағдаймен аяқталды. Шығыс Қазақстанда баллонға мініп, тас жолмен айдаған жігіттер қарсы келе жатқан көліктің астына кіріп, мерт болған еді.
Тайота машинасының иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. 593 баптың екінші бөлімі бойынша бес есептік көрсеткішке айыппұл салынды. Және де үш адам жаңағы матрацпен жүрген 434 бабы бойынша хаттама толтырылды, - дейді Петропавл қаласы бойынша полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімі бастығының орынбасары Шәмшіден Ақышов.