"Қызым қайтыс болды, сені шұғыл құшақтауым керек": Алматыда ерекше қажеттілігі бар қызды белгісіз адам алдап зорламақ болған

0
122

Оқиға Шәріпов Жамбыл көшелерінің қиылысында, 117-үйдің жанында, кешкі сағат 19:10–19:20 аралығында болған.


Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Желіде Алматылық тұрғын ерекше қажеттілігі бар 17 жастағы қызын белгісіз ер адамның зорламақ болған оқиғасын баяндады. Айтуынша, ер адам қызға жақында өз қызы жақында қайтыс болғанын, сол үшін құшақтағысы келіп тұрғанын айтып, бұталардың арасына шақырған, деп жазады stan.kz.

Әйел оқиғаның Шәріпов Жамбыл көшелерінің қиылысында, 117-үйдің жанында, кешкі сағат 19:10–19:20 аралығында болғанын жеткізді.

“17 жасар ерекше қажеттілігі бар қызымды зорлауға әрекет жасалды. Ол нәзік гүл сияқты, ешкімге зиян тигізбеген қыз. Оған біреу қалың бұталардың арасынан шығып, орысша "здравствуйте" деп үш рет айтқан. Кейін телефонының экранын көрсетіп, онда аудармашы арқылы араб тілінен былай жазылған: "Менің қызым бес күн бұрын қайтыс болды, маған шұғыл құшақтау керек" дегенді көрсеткен. Содан кейін ол қызды бұталардың арасына шақырған. Қыз қорқып, "жоқ" деп қашып кеткен”, – деп баяндады ол.

Әйел қызының эпилепсиямен, қант диабетімен, астмамен ауыратынын алға тартты.

“Үйге келгенде "неге тоқтадың, ол шақырған кезде-ақ диалогқа түспей, өтіп кетуің керек еді” дедім. Шындығында, кешкі сағат 7-де балам өз үйінің жанында қорықпай жүре алмай ма? Бар күшімен өмір үшін күресіп жүрген бала осылай зардап шекті. "Неге қарамадың?" деп сұрайсыздар. Айтайын: кеш әлі ерте болды және мен өзім жартылай денсаулығым күтімді қажет етеді. Егер сіздердің арасында балаға тегін көмектесетін құқықтық немесе психологиялық мамандар болса, бұл істі тоқтатпай көмектесе ала ма? Мен сіздерге ана жүрегім соғып тұрғанда өмір бойы дұға етемін”, – деп қосты ол.

Қыздың анасы сонымен қатар тергеу эксперименті өтенін алға тартты.

“Мазақ па білмедім. Кеше 3 тергеу эксперименті өткізілді. Маған бес экипаж хабарласты. Тіпті бір ер адамның фотосын да жіберді. Тағы бір сұрақ: қалада өзін-өзі қорғау курстары бар ма? Кімнің ерекше қажеттіліг бар қызды тегін оқытып беруге батылы жетеді?”, – деп жазды ол.

Әйел халықтан қаржылай да көмек сұрады.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың анасының өтініші Алмалы ауданының полиция басқармасында тіркелген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтау және оны іздестіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

"Тексеру қорытындысы мен қабылданған процессуалдық шешімдер бойынша заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады баспасөз қызметі.