Лаос президенті Астанаға ресми сапармен келді

0
105

Бұған дейін ол Бішкекте өткен ШЫҰ саммитіне қатысты.


Лаос президенті Астанаға ресми сапармен келді

фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Астана бүгін Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген мәртебелі мейманды қарсы алды. Лаос Президенті Тхонглун Сисулит Тәуелсіздік сарайына келді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Мәртебелі мейманның құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан мен Лаостың мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келіп отыр. Бұған дейін ол Бішкекте өткен ШЫҰ саммитіне қатысты.

Қазақстан мен Лаос арасындағы дипломатиялық қатынас 1997 жылы орнаған. Енді Астанада өтетін келіссөздерде саяси диалог, сауда-экономикалық байланыс, көлік-логистика және өзге де бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.