Министрлікке қарасты Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі қарастырып жатқанын айтты.
Фото: Александр Павский / Kazinform
ERNUR.KZ. Үкімет үйіндегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігі әліпбиді латын графикасына көшіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады inform.kz.
— А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тіл Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және жоғары оқу орындарының жетекші ғалым-лингвистерін тарта отырып, латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жобасы мен орфография ережелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, — деді комитет өкілі.
Комитет өкілі латын қарпіне көшудің нақты уақыты жоқ екенін және нормативтік-құқықтық актілер құрылуы қажет екенін жеткізді.
— 2020 жылдан бастап осы бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылып жатыр, — деді Э. Асан.
Бұдан бұрын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл жұмыс жоспар бойынша, жүйелі түрде атқарылып жатқанын мәлім еткен еді.


