"Легионерлерге жұмсалған": Антикор қазақ футболында миллиардтаған үстемақы төленгенін анықтады

0
290

Агенттік биыл жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеген.


ERNUR.KZ. Қазақстан футболында миллиардтаған үстем ақы төлек фактісі анықталды, деп жазады stan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық мәжілісте осылай хабарланды. Мәжіліс жұмысына агенттік төрағасы Асхат Жұмағалимен бірге туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, ұлттық олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкин, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, қаржы және цифрландыру вице-министрлері, "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығы, қоғам қайраткерлері, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар қатысты.

Агенттік биыл жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеген.

Кейінгі 6 жылда осы саладағы бюджет 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгеге жеткеніне қарамастан Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатыр.

Осы сала бюджетінің 90%-ы жұмсалатын "жоғары жетістіктер" және бұқаралық спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады.

Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым.

"Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды.
Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған", – деп атап өтті агенттік төрағасы.

Спорттық процестерде цифрландырудың болмауы жемқорлық құқық бұзушылық пен қаражатты жымқыруға жағдай жасайды.

Екі жыл бұрын жоспарланған "Е-sport" ақпараттық жүйесі осы уақытқа дейін іске қосылған жоқ. "Спорт шеберлері" жалған атақтарын беру фактілері анықталды.

Ел президентінің бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу жөніндегі тапсырмасына қарамастан, еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі.

Сонымен қатар, өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге төлем жасауға және спорт нысандарын жалға алуға жұмсалды.