"Логикаңызды түсінбедім" - судья Бишімбаевқа сұрақ қойды

0
1 150

Бишімбаев шымкенттік көріпкел танысына Нүкенова мүсәтірге оянбағанын жазған.


ERNUR.KZ. Бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша сотта Бишімбаевтың телефонын тексеру жалғасты. Атап айтқанда, оның WhatsApp желісіндегі кейбір хабарламалары оқылды, деп жазады tengrinews.kz.

9 қарашада Салтанат қайтыс болған күні сағат 15:03-те Бишімбаев шымкенттік көріпкел танысына Нүкенова мүсәтірге оянбағанын жазған. Ол таң атқанша ұйықтайды деп жауап берген. Сағат 19:24-те Бишімбаев көріпкелге қайта хат жазып, Нүкенованың жағдайын сұраған. Жәбірленушілердің адвокаттары 15:27-де Бишімбаев әйелінің мүсәтірге оянбағанын білгенімен, жедел жәрдем шақырмағанын айтты.

Бұл ретте судья "логикаңызды түсінбедім, бірнеше мың шақырымда тұратын адамнан оның жағдайын сұрайсыз, сіз өзіңіз көрмедіңіз бе?" деп сұрады. Бишімбаев көріпкелге сенетінмін деп жауап берді.