"Супермамасита" - Әлия Байтуғаева 6,9 миллион оқырманы бар аккаунты арқылы бірнеше рет бағалы сыйлықтарды ойнатып, халықтан 500 миллион теңге қаражат жинаған.
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Мәжілістің бүгінгі отырысында әлеуметтік желіде лотерея өткізетін блогерлердің табысы жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Депутат darhanzholshybekov айтуынша, бұған дейін лотереяға қатысты заң қабылданса да, әлеуметтік желіде халықтың есебінен байып жататын блогерлер азаятын емес.
"Олар қарапайым азаматтарды бұл заңсыз іс-әрекеттерге көптеп тарту үшін сыйлық ретінде пәтер, автокөлік, электроника мен смартфондар, тіпті зәулім коттедждер тігуде. Мысалы, оқырмандар саны 3 миллионды құрайтын Дархан Жолшыбеков "darhanzholshybekov" аккуанты арқылы 300 миллион теңге тұратын зәулім үйіне заңсыз ұтыс ұйымдастырып, шамамен 1,5 млрд теңге қаржы жинаған", - деді Бейсенбаев.
Ал Әлия Байтуғаева 6,9 миллион оқырманы бар "supermamasitа" аккаунты арқылы бірнеше рет бағалы сыйлықтарды ойнатып, халықтан 500 миллион теңге қаражат жинаған.
"Жалпы оқырмандары 13 миллионды құрайтын "Justking31" және "AminaXO" Instagram* аккаунттарының иелері Нұрбек және Амина Нұртаза зәулім үйлерін заңсыз лотерея ұйымдастыру арқылы сатып, 1,5 млрд теңге сомасында қаржы жинапты", - деді депутат.
Instagram* мен Facebook әлеуметтік желілері Ресейде экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.