LRT-ның монолитті балкаларын орнату жұмысы аяқталды

0
587

Қазіргі уақытта уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.


LRT-ның монолитті балкаларын орнату жұмысы аяқталды

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысында LRT-ның монолитті балкаларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған қиылыста эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты учаскеде 2023 жылғы 14 тамыздан бастап қозғалысқа ішінара шектеу қойылған еді.

Осылайша, 25 қазаннан бастап Тәуелсіздік даңғылындағы автокөлік қозғалысы толығымен қалпына келтіріледі және қозғалыс барлық жолақ бойынша жүзеге асырылады.