Мәдениет министрлігі департаментінің бастығы ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді

0
743

Күдіктінің кінәсінің дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Мәдениет министрлігі департаментінің бастығы ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер департаменті бастығы аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Басшы құны жоғары көрсетілген қызмет актілеріне қол қою және қазақстандық контенттің кинематографиясын мемлекеттік қаржыландыру үшін ақша қаражатын негізсіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деп айыпталып отыр.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.