Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

0
597

Сәкен Мұсайбеков мемлекетке айыппұл төлейді.


Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбеков мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Түрксіб аудандық сотында Сәкен Мұсайбековке қатысты қылмыстық іс қаралып, министрдің экс-орынбасары алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Белгілі болғандай, 2021 жылғы 18-21 ақпан аралығында Алматы қаласында Сәкен Мұсайбеков ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі бола отырып, өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, алаяқтық әрекетке барғаны анықталды.

«Сот үкімімен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 62 394 000 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды. Жазаны тағайындау кезінде сот кінәні мойындау туралы жасалған процессуалдық келісімге сәйкес Мұсайбековті ұрланған мүліктің он еселенген мөлшерінде, яғни 62 394 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындау мүмкіндігі туралы қорытындыға келді. Үкім заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

14 мамырда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қарамағында қызмет атқарған орынбасары - Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес отстакаға кетуге дайын екенін айтты.

Еске салайық, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.