Игерілмеген сома 20 млрд теңгені құраған.
ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев бюджеттің атқарылмауы мен игерілмеуі жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 97,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді», - деді Тәкиев.
Ол атағандай, атқарылмаған бюджет 33 млрд теңгені құрады, оның ішінде 13 млрд теңгесі – үнемделгені.
«Игерілмегені – 20 млрд теңге. Ең көп игерілмеген сома Мәдениет және ақпарат, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінде болған. Бюджетті игермеудің негізгі себептері: 663 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу», - деді министр.