Оның орнына басшылық қызметке Асхат Хасенов келді.
ERNUR.KZ. Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Оның орнына Асхат Хасенов тағайындалды. Ол 2022 жылғы қаңтардан бері энергетика вице-министрі болған.
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың 14 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.