Магомед Адиев Қазақстан футбол құрамасы бас бапкері қызметінен кетті

0
373

Қазақстандық футболшылар енді 7 мамырда Армения, 10 маусымда Әзрбайжан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.


Магомед Адиев Қазақстан футбол құрамасы бас бапкері қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті, деп жазады inform.kz.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

«Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті. ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды», — деп атап өтті федерациядан.
Қазақстандық футболшылар енді 7 мамырда Армения, 10 маусымда Әзрбайжан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Магомед Адиев 2022 жылдың 27 сәуірінен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келді.

Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.

Екі жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы көптеген халықаралық жарыста жоғары нәтижесімен көзге түсіп келеді.

2022/2023 жылдарда Ұлттар лигасында С дивизионында өз тобында бірінші орын алып, биыл В дивизионында сынға түсуге мүмкіндік алды.

Енді қыркүйек-қараша айларында В дивизионында үшінші топта Австрия, Словения және Норвегиямен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды.

Бұл — құрама тарихындағы үздік көрсеткіш.