Жұма күні ақпараттық жүйе тоқтап қалған еді.
ERNUR.KZ. "Азаматтарға арналған үкімет" басқармасының төрағасы Әділ Қожықов мамандандырылған ХҚКО жұмысындағы ақау себебін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Қожықов жұма күні болған ақпараттық жүйенің тоқтап қалуынан кейін клиенттердің барлық мәселесін шешуге көмектесу үшін жұмысқа шыққанын хабарлады.
"Қазір біз клиенттерді штаттық режимде қабылдаймыз және елдегі жағдайға үнемі мониторинг жүргіземіз. Ахуалдық орталықтың қызметкерлері нақты уақыт режимінде барлық мамандандырылған ХҚКО-ларда жағдай туралы хабарлайды.
Өкінішке қарай, 10 жыл бұрын 30-40 қызмет көрсету мақсатында енгізілген жүйелер ағымдағы кезеңде бірнеше есе артқан жүктемені жүзеге асыра алмай жатыр. Сондықтан қазір біздің мамандар ХҚКО АЖ-ны толыққанды жаңғыртуға кірісті. Бірінші кезекте, мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерден бастайды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының атынан ақаулары үшін тағы да кешірім сұрағым келеді.
Ертең біз филиалдарымызға клиенттердің жаңа ағымын күтеміз, сондай-ақ күшейтілген режимде жұмыс істейміз. Біз азаматтарымыздың сапалы және уақытылы қызмет алуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз", - деді ол.