Мамин әкімдерге 1 қыркүйекке дейін уақыт берді

0
846

Кей облыста балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген.


Мамин әкімдерге 1 қыркүйекке дейін уақыт берді

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100% дайын болуы керек деп тапсырма жүктеді, деп жазады baq.kz.

«1 қыркүйекке дейін аз уақыт қалды. Өздеріңіз көріп отырғандай, шешілуі тиіс шұғыл шаруалар бар. Барлық білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Барлық мектептердің 85% ғана жаңа оқу жылын бастауға дайын. Әкімдерге қойылатын міндет – барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100% дайын болуы керек», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, кей облыста балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген.

«Қаржы уақытында бөлінбегендіктен Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарында оқулықтар қажетті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Осы мәселені бақылауға алу керек. Балаларды мектепке тасымалдау мен ыстық тамақ беру мәселесі толық шешілмеген. Басты мәселе – көліктің жетіспеуі. Әсіресе, Түркістан мен СҚО-да. Шамамен 360 мектепте тиісті санаттағы отбасылардың оқушыларын тамақтандыру ұйымдастырылмаған. Өңір әкімдері осы мәселені шешуі керек. Гүлшара Наушақызы бұл мәселені назарға алыңыз», - деді премьер-министр.