Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

0
259

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.


Маңғыстау облысында 2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 5 шақырым жердегі Каспий теңізінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

2022 жылы туған бүлдіршін шомылуға жабдықталмаған аумақта суға батып кетті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.

"Алдын-ала болжам бойынша, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.
Сондықтан мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады", — деп жазды ТЖМ-нан.