Маңғыстау облысында аязға байланысты мектептер онлайн оқуға ауысты

0
748

Бүгін өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау, Жаңаөзен қалалары бойынша түгел мектеп оқушылары мен Бейнеу, Қарақия, үпқараған, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарының бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқуға көшірілді.


Маңғыстау облысында аязға байланысты мектептер онлайн оқуға ауысты

ERNUR.KZ. Оқытудың дәстүрлі форматқа өтуі ауа райының жағдайына байланысты реттеледі, деп жазады inbusiness.kz.

"Оқушыларды онлайн форматқа ауыстырғаны дұрыс болды. Мектепте жылу беру төмендеп кетті. Балаларымыз сырт киіммен отырып, оқып жүрді. Ауырып та қалғандары бар. Ата-аналар болып жылуды күшейтуді немесе жылы сыныптарға ауыстырып оқытуды сұрадық. Мектепке барып-келуі де қиындап кетті. Таксилердің бағасы ұшып тұр. Автобусқа міну үшін біраз жолды жүріп өтіп, аялдамаға жетеді. Өзіміз жұмыстамыз. Алаңдап отыр едік. Дұрыс шешім қабылданды", - дейді ата-ана Жазира Қуанышбекқызы.

Қазір Маңғыстау облысында ауа райы -15 градусқа дейін төмендеді. Ызғарлы желді қоса есептегенде -25 градуспен пара-пар деңгейді көрсетеді.