Маңғыстау облысында пышақталған жүкті әйелге қатысты тың ақпарат шықты

0
576

Науқас есін біледі, оған бұдан кейін ота жасалмайды.


Маңғыстау облысында пышақталған жүкті әйелге қатысты тың ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың дәрігерлері Мұнайлы ауданында күйеуі пышақтаған әйелдің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бірнеше жерден пышақ жарақатын алған жүкті әйелдің жағдайы әлі де ауыр, дейді дәрігерлер.
"Науқастың жағдайы әлі де ауыр. Бірақ іштегі нәрестесіне қауіп төніп тұрған жоқ, құрсақтағы бала аман. Науқасқа бұдан кейін ота жасалмайды. Есін біледі", - дейді дәрігерлер.
Ашық дереккөздің мәліметінше әйелін пышақтаған ер адам темір жолда машинистің көмекшісі болып жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында дүкеннің алдында ер адам әйелін бірнеше жерден пышақтап, соққыға жықты. Жантүршігерлік оқиға тұрғындардың көз алдында болған.