Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды

0
85

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Маңғыстау облысында заңсыз киік тасымалдаған күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. 24 желтоқсанда 21:10 шамасында Бейнеу ауданы полиция бөлімі Боранқұл елді мекенінің 2 ауылында белгісіз тұлғаның заңсыз киік аңын тасымалдап жүргені туралы ақпарат түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енді.

25 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында Боранқұл ауылында тұрғынның ауласында тұрған автокөлікке тінту жүргізілді.

Автокөліктің артқы жүк салғышынан сирақтары кесілген, ішек-қарны алынған 8 бас киіктің өлексесі табылды.