Маңғыстау облысындағы көлде жүздеген аққу қырылып қалды

0
717

Әлеуметтік желі қолданушылары құстардың соңғы күндері болған аяз салдарынан мұзға қатып, аштықтан өлуі мүмкін деген болжам жасаған.


Маңғыстау облысындағы көлде жүздеген аққу қырылып қалды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінде жүздеген аққу қырылып қалғаны туралы блогер әрі видеооператор Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Бұл жағдайдың ауқымы алаңдатып отыр. Жүздеген құс өлексесі Қаракөл көлінің бүкіл жағалауында шашылып жатыр. Бір қызығы, мен аққулардан басқа бұл жерде мекендейтін басқа құстардың өлексесін таппадым. Қырылу ауқымы тым үлкен. Сондықтан оны табиғи құбылысқа жатқызу мүмкін емес", - деп жазды Сәрсенбаев.

Әлеуметтік желі қолданушылары құстардың соңғы күндері болған аяз салдарынан мұзға қатып, аштықтан өлуі мүмкін деген болжам жасаған.

"Жас, әлсіз және ауру құстар осылай қырылады", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.
Бұған дейін Азамат Сәрсенбаев биылғы маусымда Қазақстандағы алқызыл қоқиқаздар тобы туралы бейнеролик жариялады.
Тамызда ол суы тайызданған Каспийді видеоға түсірді.