Маңғыстауда 6 жасөспірім қолдан жасалған қайықпен ашық теңізге кетіп қалған

0
834

Олар қайықты қолдан жасап, жағалауға қайта жете алмаған.


Маңғыстауда 6 жасөспірім қолдан жасалған қайықпен ашық теңізге кетіп қалған

ERNUR.KZ. Каспий теңізінде көмекке мұқтаж жасөспірімдер құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Олар қайықты қолдан жасап, жағалауға қайта жете алмаған.

"ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады ТЖМ.