Маңғыстауда екі әкімнің орынбасарлары есірткі ісіне байланысты ұсталды

0
74

Сондай-ақ, өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік саясаты жүйелі түрде жүргізілетіні атап өтілді.


Маңғыстауда екі әкімнің орынбасарлары есірткі ісіне байланысты ұсталды

фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында полицейлер өңірлік әкімдіктің қолдауымен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын есірткі қылмысына күдікпен ұстады. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасары бар, деп жазады tengrinews.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, ал басқа фигуранттарға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр.

"Алынған заттар сараптамаға жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ, өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа және заңсыз әрекеттерге мүлдем төзбеушілік саясаты жүйелі түрде жүргізілетіні атап өтілді.

"Заңды бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада.