Маңғыстауда ер адам әйелін пышақтап тастады: Полицейлерге қатысты тергеу басталды

0
348

Жәбірленуші жүкті болған.


Маңғыстауда ер адам әйелін пышақтап тастады: Полицейлерге қатысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелін пышақтап кеткен күдіктіні ұстаған полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады stan.kz.

“Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін ер адам елдің көзінше әйелін пышақтап тастағаны туралы жазған едік. Полиция адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ер адамның бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ашуға булыққан ол адамдарға айқайлап, басқаларды қорқытуға тырысады. Ер адамның жанында қансыраған әйел ес-түссіз жатыр. Кадрлардан, ер адамның жерде жатқан әйелдің басынан тепкенін байқауға болады. Куәгерлер шабуылдаушыны тоқтатуды сұрайды. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстауға асықпады.

Бұған дейін жәбірленушінің жүкті болғаны туралы жазған едік.