1956 жылы туған Мақсым Ізбасаров 11 маусымда жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
1956 жылы туған Мақсым Ізбасаров 11 маусымда жоғалып кеткен. Жетібай ауылындағы үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Lider.kz еріктілері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жетібай ауылынан бірнеше шақырым жерден ер адамның денесін тапты.
Еріктілердің айтуынша, 14 маусымда далада ер адамның денесі табылған. Мәйіт елді мекеннен бес шақырым, Мешітбай қорымынан екі шақырым жерде болған. Онда зорлық-зомбылықпен өлу белгілері байқалмаған.