Блогердің видеосы қызу талқыға түсті.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Канадалық видеограф Олеся Плюснинаның Маңғыстау даласында кіші дәрет сындырып жатқан бейнежазбасы желіде дау тудырды, деп жазады inbusiness.kz.
Шетелдік туристің бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды. Оқиғадан кейін блогердің Instagram-дағы жеке парақшасы қолжетімсіз болып қалды.
Бұл ретте отандық блогер Азамат Сәрсенбаев шетелдік видеографтың бұл әрекетін сынға алды.
"Мынау не сұмдық? Осыны шынымен де желіге салуға тұрарлық деп ойладың ба? Көрнекті орынның дәл жанында дәрет сындырып тұрсың ғой. Сөзім жоқ", – деп жазды ол.


