Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр

0
208

Ауру анықталған 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап облыстың медициналық мекемелерінде балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған.


Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: 75 бала әлі ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда облыстық көпфункционалды балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

“Балалар үйге шығарылғанымен, дәрігерлер бақылауында болады және барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастыруда, олардың да жағдайы тұрақты деп бағалануда. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ”, - деп жазылған материалда.

Ауру анықталған 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап облыстың медициналық мекемелерінде балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.

Ведомство хабарлағандай, барлық науқас антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алуда. Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті.
Бұл жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке қадағалауына алынған.