Марат Қалқабаев ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

0
464

Қалқабаев Марат Өмірбекұлына 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.


Марат Қалқабаев ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Ақорда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — деп жазылған ақпарат көзінде.

Қалқабаев Марат Өмірбекұлы:

Білімі:

Ф. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Октябрь революциясы орденінің Қызыл Ту мектебі (1989 ж.).

Мансабы:

1984-1995 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

1995-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды;

2013 жылғы қазаннан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.

Жетістіктері:

ІІ дәрежелі "Даңқ", ІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.