Мас күйде көлік жүргізетіндерді тексерудің жаңа әдісі пайда болады

0
85

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мас күйді медициналық тұрғыдан куәландыру қағидасын өзгертетін бұйрық әзірледі.


Мас күйде көлік жүргізетіндерді тексерудің жаңа әдісі пайда болады

Фото: koleso.kz

ERNUR.KZ. Құжат "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Қоғамдық талқылау 27 наурызға дейін жалғасады. Денсаулық сақтау министрлігі аталған өзгеріс тек алкоголь туралы ғана емес, сонымен қатар психобелсенді заттарға да қатысты екенін жазады.

Басты өзгеріс – мас болу деңгейінің сапалық көрсеткіштерін енгізу. Бұл даулы жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

"Маңызды жаңалықтардың бірі масаң күйде болу дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін енгізу болады, бұл адамның жай-күйін дәлірек айқындауға және жай-күйдің ауырлығын бағалауға байланысты даулы жағдайлардың санын төмендетуге мүмкіндік береді", – делінген бұйрық жобасында.