Масанчи ауылында үйінді астынан табылған адамның кім екені белгілі болды

0
767

Жас жігіттің әкесі баласының жоғалып кеткені туралы полицияға тоғызыншы ақпанда хабарлаған болатын.


Масанчи ауылында үйінді астынан табылған адамның кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қордайдағы қақтығыстан кейін Масанчи ауылында үйінді астынан табылған күйіп кеткен адам 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған болатын. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталды.
"Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты, ол із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады", - деп мәлімдеді департаменттен.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, Қордайда жаппай төбелес басталып жатқанда көлік алып, нағашыларынан сүйінші сұраймын деп із-түссіз жоғалып кеткен Мұрат Масанов табылмағаны жайлы хабарланған еді.