Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды

0
130

Азамат Қапеновтен "Достық" станциясындағы терминал тәркіленді.


Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды

фото:Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласы Азамат Қапеновке қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Тергеу мәліметінше, ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарымен жұмыс кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған.
"Салдарынан "ҚазТемірТранс" АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта Капеновке халықаралық іздеу жарияланған. Сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы "Достық" станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді.