Мәскеудегі теракттан қаза тапқандар мен зардап шеккен қазақстандықтар жоқ

0
6 003

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" белгісіз біреулер басып кіріп, оқ жаудырып бірнеше адам қаза тауып, жараланған еді.


Мәскеудегі теракттан қаза тапқандар мен зардап шеккен қазақстандықтар жоқ

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады baq.kz.

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" белгісіз біреулер басып кіріп, оқ жаудырып бірнеше адам қаза тауып, жараланған еді.

Сол түні біздің Ресейдегі елшілікпен хабраласып, өзіміздің белгіленген алгоритм жедел желі бойынша телефон номері жарияланды. Мәскеудегі біздің студенттер, қазақстандық азамттармен хабарласып, мән-жағдайды анықтай бастадық. Кім бар, кім жоғын іздеп. Қазіргі таңда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ. Дүниежүзінде жағдай күрделеніп бара жатыр. Одан ешкім сақтанбаған. Біздің азаматтар қай елде жүрсе де, сол елдің биліктерінің талаптарын орындауы қажет. Заңды талаптарын орындауы қажет. Сақтықта қорлық жоқ. Сақ болып жүрген дұрыс,-деді Айбек Смадияров.