Мәскеулік қыздар қазақ тілінде видеоблог жүргізеді

0
818

Ұлттық банк 3-5 қазан күндері теңгенің долларға қатысты бағамы 431,12 теңге болатынын айтқан.


Мәскеулік қыздар қазақ тілінде видеоблог жүргізеді

ERNUR.KZ. Мәскеудің екі тұрғыны бірнеше жылдан бері YouTube желісінде "Мәскеу қазақша" блогын жүргізеді. Онда туған қаласы, оның көшелері мен тұрғындары туралы қазақ тілінде әңгімелейді, деп жазады Tengrinews.kz.

Анастасия Решетникова және Елизавета Осипова лингвистикалық университет тәмамдаған. Қазір қыздар PR саласында жұмыс істейді және олардың жұмысының Қазақстанмен байланысы жоқ. Алайда олар бос уақытын өз жобасына арнайды.

"Біз өзіміз және басқалар үшін қазақ тілінде жақсы дүние жасағымыз келді. Қазақ тілін ұмытып қалмау үшін оны үнемі қолданғымыз, қазақша сөйлескіміз келді. Бұл көңіліміз қалаған жоба болды", - деді Анастасия.

Қазір қыздар видеоблогқа түрлі формат қосып жатыр. Ұзақ уақыт оқшаулау режимінде отырғанда "карантиндегі қазақша" рубрикасын бастаған. Сондай-ақ Мәскеуде тұратын қазақтармен сұхбат жасаған.

"Бастысы - адамдарға ұнаса болды. Мен қазақ тілін білемін, қараңдар деп тықпаламаймын және мен бұдан "хайп" жасағым келеді дейтіндер бар. Жоқ, біз бәрін шын жүректен жасаймыз. Егер адамдарға бұл ұнаса және көңілін көтерсе, біз қуаныштымыз", - деді Елизавета.

Блогер қыздар хоббиін әрі қарай дамытып, видеоларда кәсіби деңгейде түсіруді және қазақ тілін танымал етуді жоспарлап отыр.